СЛАЙД (титул)
2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы сіздердің қарауыңызға шығарылады.
Жалпы алғанда, экономиканың су секторындағы жағдай мемлекеттің су шаруашылығы саясатын және саланы басқаруды түбегейлі жетілдіруді, қалыптасқан құрылымды қайта қарауды, су шаруашылығы субъектілерінің функцияларын бөлуді, экономикалық қатынастардың жаңа тетіктерін әзірлеуді талап етеді.
СЛАЙД 3
Ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Тұжырымдама жобасында су ресурстарын басқару жүйесін дамыту көрінісі жеті тәсілмен айқындалды.
СЛАЙД 4
Бірінші. Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту
Елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту мақсатында 20 су қоймасын салу, 15 су қоймасын реконструкциялау, 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды жаңғырту және гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау бойынша бірқатар шұғыл шаралар көзделеді.
Жоспарланған тәсілдерді іске асыру суды тасымалдау кезінде өнімсіз шығындарды 50-ден 25 пайызға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін және қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға ұлғайтуға, сондай-ақ экономика салаларын кепілдендірілген сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
СЛАЙД 5
Екінші. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру
Қолда бар су ресурстарын ұтымды пайдалану «ресурстарды басқарудан» «сұранысты басқаруға» көшуге мүмкіндік береді. Оның негізгі қағидаты су қабылдау көлемін ұлғайтпай экономика салаларының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін пайдалану болып табылады.
Трансшекаралық өзендер арқылы ағынның азаю қаупін, сондай-ақ суару каналдарында үлкен шығындардың болуын ескере отырып, фермерлердің су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша бірлескен және кешенді жұмыстар жүргізу қажет.
Мәселен, бүгінгі таңда суармалы жерлердің 1,9 млн. гектарынан тек 16 пайызы (312,2 мың гектар) су үнемдеу технологиялары қолданылады. Бұл қазіргі жағдайда өте қолайсыз.
Фермерлерді су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығыстарды субсидиялау үлесін 50-ден 80 пайызға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар басталды.
Бұл ретте, су үнемдеу технологияларын қолдану 2030 жылға қарай суармалы жерлердің алаңдарын 1,3 млн.гектарға дейін жеткізуге ықпал етеді.
Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бағалауы бойынша бұл шара шамамен 2,1 текше шақырым суды үнемдеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің өнімділігін 1,5-2,0 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тұрақты суаруда климаттың өзгеруіне байланысты суды тұтынудың үлестік нормаларының ұлғаюының теріс үрдісі байқалады. Бұл дақылдардың су тұтыну нормативтерінің ұлғаюына әсер етеді.
Тұжырымдама жобасында қолда бар су ресурстарының көлемін экологиялық және экономикалық оңтайлы деңгейде ұстап тұру мақсатында су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ең үздік технологиялардың тізбесін, су пайдалану лимиттерін белгілеудің жаңа тетіктерін, айналымды және қайта сумен жабдықтауға көшу жоспарларын әзірлеу және қабылдау бойынша шаралар көзделетін болады.
СЛАЙД 6
Үшінші. Су ресурстарын басқару жүйесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жетілдіру
Мемлекет басшысы су ресурстары бойынша сапалы талдау мен болжам жасауға бағытталған және тексерілген су саясатын құруды атап өтті.
Елдің су-ресурстық әлеуетін есепке алу және болжау жүйесін дамыту, су ресурстарын басқару мен жоспарлаудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру мақсатында Тұжырымдамада Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан су ресурстарының Ақпараттық-талдау орталығын құру көзделеді.
Сонымен қатар, су саласын цифрландыру – шұғыл шараларды талап ететін өте маңызды мәселе.
Цифрландыру бағыты бойынша Министрлік «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр.
Бұл өз ретінде бірынғай су кадастры бойынша су нысандарының деректері, гидротехникалық имараттар, су бассейіндік учаскілер, гидропосттар, ғарыштық мониторинг жұргізуге электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік береді және су шаруашылығы субъектілерінің есебі автоматтаңдырылады.
Бұл ақпараттық жүйе 2024 жылдың 3 тоқсанында өндірістік пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Тұжырымдамада 3,5 мың шақырымнан астам каналдарды цифрландыру және суару жүйелерінің су есебін автоматтандыру жоспарланғанын атап өту маңызды.
СЛАЙД 7
Төртінші. Экологиялық жағдайды жақсарту
Климаттың өзгеруіне және антропогендік әсерлерге байланысты өзендердің таяздануы, көлдердің, Арал және Каспий теңіздерінің деңгейінің төмендеуі сияқты экологиялық мәселелер бәрімізге белгілі.
Осыған байланысты, Көкарал бөгетін сақтау, өзен атырауларын қалпына келтіру сияқты тиімді шараларды іске асыру арқылы табиғи су объектілерін сақтау және қалпына келтіру маңызды.
Сонымен қатар, шағын өзендерді оңалту, табиғатты қорғау су жіберулерін жүргізу, иесіз өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды кранизациялау және жою бойынша әдістемеліктер әзірленетін болады.
Сондай-ақ Тұжырымдамада су ресурстарын ұтымды пайдалану үшін суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін жақсарту көзделген.
Суармалы жерлерде жер асты суларының деңгей-тұз режимін гидрогеологиялық бақылаумен қамтылмаған бақылау ұңғымаларының желілері кеңейтілетін болады.
Жалпы 2030 жылға қарай Арал-Сырдария су шаруашылығы бассейніндегі су ресурстарына жүктеме деңгейін 57,2-ден (10,7 км3) 53,2 пайызға дейін (9,9 км3) және Шу-Талас су шаруашылығы бассейніндегі жүктеме деңгейін 56,8-ден (2,1 км3) 52,8 пайызға дейін (1,9 км3) төмендеуі күтіледі.
СЛАЙД 8
Бесінші. Трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту
Географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі трансшекаралық болып табылады. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді.
Осыған байланысты Арал-Сырдария (90%), Жайық-Каспий (80%), Шу-Талас (75%), Балқаш-Алакөл (45%) су шаруашылығы бассейндері, ең азы Тобыл-Торғай (12%) және Ертіс (20%) су шаруашылығы бассейндері неғұрлым осал болып табылады.
География және су қауіпсіздігі институтының деректері бойынша (2023 жылғы 1 наурыз) 1960 жылмен салыстырғанда Қазақстан аумағындағы орташа көпжылдық өзен ағыны 12,5 шаршы шақырымға азайды. Оның ішінде жалпы көлем қысқаруының 9 шаршы шақырымы немесе 72 пайызы жергілікті өзендердің үлесіне, ал трансшекаралық өзендердің үлесіне 3,5 шаршы шақырымы немесе 28 пайызы келеді.
Осыған байланысты, трансшекаралық ағынды азайтудың ықтимал үрдісін ескере отырып, 2030 жылға дейін трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту су қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілерінің біріне айналуы тиіс.
Трансшекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану, қорғау туралы жаңа екіжақты және көпжақты шарттық базаны құруды және қолданыстағы шарттарын жетілдіруді талап етеді.
Мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою Тұжырымдамада көзделген.
Халықаралық су ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі Орталық Азияның су-энергетикалық ынтымақтастығы тетігін әзірлеу болып табылады.
Сондай-ақ, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейту, сондай-ақ арнайы департамент құру жоспарланып отыр.
Айта кету керек, «Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңының жобасы Мәжілісте қаралып Сенат қарауына еңгізілді.
Конвенция трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын бүкіл әлемде тең құқықты және тұрақты басқаруға ықпал ететін жаһандық құқықтық механизм болып табылады.
Қазіргі уақытта Конвенцияның қатысушысы 37 мемлекет.
Қазақстанмен көршілес елдердің ішінде тек Өзбекстан Республикасы Конвенцияның мүшесі.
СЛАЙД 9
Алтыншы. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ғылыми-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ету
Бүгінгі таңда су саласындағы нормативтік-құқықтық база қоғам мен мемлекеттің қазіргі талаптарына және сұраныстарына жауап бермейді.
Өздеріңіз білетіндей, жаңа Су кодексінің жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы құқықтық, экономикалық, сондай-ақ елдегі экологиялық қатынастарға сәйкес:
Бірінші. Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын жаңарту;
Екінші. Судың «қара нарығын» жою жөніндегі, оның ішінде су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде қатаңдату арқылы шараларды күшейту;
Үшінші. Жеке тұлғалардың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және кәсіпорындардың тиімді су тұтынуын ынталандыратын су тұтыну мен су бұрудың кеңейтілген нормаларын жаңарту.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Министрлікпен «Каспий теңізінің Қазақ ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, тиісті Үкімет қаулысы қабылданды.
Министрлік су шаруашылығы құрылыстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында «Нұра топтық су құбыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен біріктіру жұмыстары жалғасуда, тиісті қаулы жобасы Үкімет отырысында қаралды, ал Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құру жұмыстарыда жалғасуда.
СЛАЙД 10
Жетінші. Су саласындағы кадрлық қамтамасыз ету
Су ресурстарын басқарудың барлық деңгейлерінде білікті кадрлар мен жас мамандардың тапшылығы байқалады.
Су саласы үшін кадрлар даярлау «Гидромелиорация», «Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару», «Сумен жабдықтау және су бұру» (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) және «Су ресурстары және су пайдалану» білім беру бағдарламаларының топтары шеңберінде су ресурстары және су пайдалану бакалаврлары шығаратын жеті жоғарғы оқу орындарында жүзеге асырылады.
Осы жылдан бастап министрлік жоғарғы оқу орындары студенттердің кәсіптік практикадан тікелей ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өндірісте өту мүмкіндігімен, одан әрі жұмысқа орналасумен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы су шаруашылығы ұйымдарының 450-ге жуық маманы мамандандырылған орталықтар жанынан біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидалары әзірленді.
Министрліктің жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес құрылды.
Оның Ережесі және кәсіби стандарттарды өзектендіру бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Жаңартылған кәсіби стандарттар негізінде жоғарғы оқу орындарынын су саласы мамандарының кадрларын даярлауда білім беру бағдарламаларын жаңартатын болады.
Осылайша, Тұжырымдаманың негізгі мақсаты елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерін шешу, экономика салалары мен қоршаған ортаның қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тұжырымдама 60 іс-шараны көздейтін Іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Құрметті әріптестер, ауқымды және бастапқы кезектегі іс-шараларды іске асыру 2030 жылға қарай 10 текше шақырымға дейін су жинауға және үнемдеуге, сондай-ақ
суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Баяндама аяқталды.