Меню

Страницы

Статья

Су ресурстары және ирригация министрі Н.М. Нұржігітовтің баяндамасы. 17.01.2024

«Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Сіздердің қарауыңызға ұсынылады.

Бұл Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1997 жылғы 21 мамырда қабылданып, 2014 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енді.

АНЫҚТАМА: Біріккен Ұлттар Ұйымының Су ағындары туралы Конвенциясының 36-бабының 1-тармағына сәйкес осы Конвенция ратификациялаудың, қабылдаудың, мақұлдаудың немесе қосылудың 35-ші бекiту құралы сақтауға Бас хатшыға тапсырған күннен кейін тоқсаныншы күні күшіне енеді. 2014 жылдың мамыр айында Вьетнам конвенцияны ратификациялады.

Қазіргі уақытта Конвенцияның қатысушысы 37 мемлекет болып табылады.

Қазақстанмен көршілес елдердің ішінде тек Өзбекстан Республикасы Конвенцияның мүшесі (2007 жылдан бастап).

Конвенция халықаралық су құқығының негізгі прогрессивті қағидаттарын, сектораралық ынтымақтастықты, халықаралық су ағындарының су және экологиялық аспектілерін және Тұрақты Даму Мақсаттарының нысаналы индикаторларын ескеретін жаһандық халықаралық негіздемелік құжат болып табылады.

Конвенция трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын бүкіл әлемде тең құқықты және тұрақты басқаруға ықпал ететін жаһандық құқықтық механизм болып табылады.

Қазақстанның трансшекаралық су ынтымақтастығының артықшылықтарын насихаттайтын баяндамалар мен мәлімдемелерімен халықаралық су іс-шараларына белсене қатысатынын ескере отырып, Конвенцияға қосылу Қазақстанның трансшекаралық өзендерді халықаралық құқық қағидаттары негізінде пайдалану және қорғау мәселесі бойынша көрші елдермен өзара іс-қимылдағы ұстанымын нығайтады.

Қазақстан үшiн трансшекаралық суларды пайдалану жөнiндегi күрделi мәселелердi шешу барысында танылған халықаралық тәжiрибе мен бiлiмге сүйену өте маңызды.

Бұл трансшекаралық суды пайдаланудың неғұрлым өткір мемлекетаралық мәселелерді шешу үшін ортақ құқықтық алаң құруға мүмкіндік береді.

Конвенцияға қосылудың негiзгi факторларының бiрi Өзбекстанмен трансшекаралық өзен бассейндерiнде гидротехникалық құрылыстар салу жөнiнде жоспарланған iс-шараларды үйлестiру, оның iшiнде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы трансшекаралық су айдындарын бiрлесiп басқару және пайдалану туралы Келiсiм жобасының нормаларын талқылау және келiсу болып табылады.

Құрметті депутаттар! Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясының негізгі баптарына тоқталуға рұқсат етіңіздер:

5 бап – Су ағыны мемлекеттері өздерінің тиісті аумақтары шегінде халықаралық су ағынын әділ және ақылға қонымды пайдаланады. Атап айтқанда, су ағыны мемлекеттері халықаралық су ағынын оны оңтайлы әрі орнықты пайдалануға қол жеткізу және осыған байланысты пайда алу мақсатында, тиісті су ағыны мемлекеттерінің мүдделерін ескере отырып, су ағынын тиісінше қорғаған кезде пайдаланады және игереді.

Су ағыны мемлекеттері халықаралық су ағынын әділ әрі ақылға қонымды пайдалануға, игеруге және қорғауға қатысады. Мұндай қатысу су ағынын пайдалану құқығын да, осы Конвенцияда көзделгендей оны қорғау мен игеруде ынтымақтасу міндетін де қамтиды.

10 баптың 2-тармағы «Халықаралық су ағынын пайдалану түрлері арасында қайшылық туындаған жағдайда, ол адамның аса зәру қажеттіліктерін қанағаттандыру талаптарына ерекше назар аударып, 5-7-баптарды ескере отырып шешілуге тиіс», яғни халықаралық су ағындарындағы судың қажетті сапасы сақталуы және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Мысалы, Сырдария өзенінен Шардара қаласына (Түркістан облысы) мен Қызылорда қаласына ішінара жеткізіледі.

11...18 баптар халықаралық су ағындарында жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлау қажеттілігіне арналған, атап айтқанда 17 баптың 2-тармағында әрбір мемлекет басқа мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін адал және ақылға қонымды дәрежеде ескеруі тиіс деген негізде жүргізіледі.

18 баптың 1-тармағында, егер қандай да бір су ағыны мемлекетінің басқа су ағыны мемлекеті ол үшін айтарлықтай қолайсыз салдар болуы мүмкін шараларды жоспарлайды деп пайымдауға ақылға қонымды негіздері болса, онда бірінші мемлекет екінші мемлекеттен 12-баптың ережелерін қолдануды талап ете алады. Мұндай талап оның негіздері баяндалған құжатталған түсіндірмемен қоса беріледі.

АНЫҚТАМА: 12-бап - басқа су ағыны мемлекеттері үшін елеулі қолайсыз салдары болуы мүмкін жоспарланатын шараларды жүзеге асырмас бұрын немесе жүзеге асыруды санкцияламас бұрын су ағыны мемлекеті бұл туралы осы мемлекеттерге уақтылы хабарлама жібереді. Мұндай хабарлама хабардар етілетін мемлекеттер жоспарланатын шаралардың ықтимал салдарын бағалай алатындай етіп, кез келген экологиялық сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда, қолда бар техникалық деректермен және ақпаратпен қоса беріледі.

 

20 бап өзекті болып табылады - су ағыны мемлекеттері халықаралық су ағындарының экожүйесін қорғауды және сақтауды жеке және қажет болған кезде бірлесіп қамтамасыз етеді.

23 бап - су ағыны мемлекеттері жеке және қажет болған кезде басқа да мемлекеттермен ынтымақтастықта халықаралық су ағынына қатысты эстуарийлерді* қоса алғанда, теңіз ортасын қорғау және сақтау үшін қажетті барлық шараларды жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен стандарттарды ескере отырып қабылдайды.

*Эстуарий – өзеннің теңіз жағасына қарай кеңейген сағалық бөлігі.

Мысалы, Арал теңізінің эстуарийі шұғыл гидрологиялық-экологиялық шараларды қажет етеді.

26…27-баптар - гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды алдын-ала анықтайды.

Жалпы Конвенция 7 бөлімнен және 37 баптан тұрады.

Құрметті депутаттар! Заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, тиісті қорытындылар, сондай-ақ ғылыми лингвистикалық және ғылыми құқықтық сараптамалар қорытындылары алынды.

Баяндама аяқталды.

 

Дата публикации
26 апреля 2024
Дата обновления
26 апреля 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

04 декабря 2025
Өмірлік жағдайлар
Біз туралы БАҚ
19 июня 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды
Біз туралы БАҚ
18 июня 2025
Жаңа Су кодексінде алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген ұғым енгізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы