Меню

Страницы

Статья

Су ресурстары және ирригация министрі Н.М. Нұржігітовтің баяндамасы. 21.12.2023

Сіздер су шаруашылығының өзекті мәселелерін үнемі көтеріп жүрсіздер, осы мәселелерді шешу Министрліктің басты міндеті болып табылады.

Cоңғы 3 жылда 60-н аса сұрақты қамтыған 30 депутаттық сауал келіп түсті. Сауалда көтерілген мәселелерді талдап, олардын орындалуынын бағыт бағдарын айқындадық.

Олардын басым бағыты ауыз су мәселесі мен гидротехникалық құрылысқа қатысты.

Осыған байланысты атқарылып жатқан іс-шаралардын негізгі бағыттарына тоқтауды рұқсат етіңіздер.

Гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйін жақсарту, инвестициялық белсенділікті арттыру, түгендеу мен есепке алуды жүргізу, қажетті қаражат бөлу жөніндегі Жол картасын әзірлеуге қатысты.

Су саласындағы жинақталған мәселелерді шешу өте маңызды және оларды кешенді, жүйелі түрде шешу айтарлықтай қаржыны қажет етеді.

Осыған байланысты Министрлік су қоймаларын салу және реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелер мен топтық су құбырларын қайта құру жөніндегі бірқатар шұғыл шараларды көздейтін Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.

Кешенді жоспарды іске асырудың болжамды құны 2 трлн. теңге.

Кешенді жоспарда 2024-2026 жылдары мынадай көрсеткіштер көзделген: 3500 км суармалы каналдарды қайта жаңарту, 3,7 текше км суды қосымша жинақтау үшін 20 жаңа су қоймасын салу (Ақмола - 1, Қарағанды - 2, ШҚО - 3, Алматы - 1, Жамбыл - 3, Түркістан - 3, Қызылорда - 1, Ақтөбе - 4 және БҚО - 2 облыстары) және 15 жұмыс істеп тұрған (Ақмола - 2, Қарағанды - 1, ШҚО - 1, Алматы - 1, Жамбыл - 2, Түркістан - 1, Ақтөбе – 2, Жетісу - 3 және БҚО - 2 облыстары) су қоймаларын қайта жаңарту, суды үнемдейтін және айналымдағы технологияларды енгізуді ынталандыру, ирригациялық жүйелерді толыққанды жаңғырту және цифрландыру, гидротехникалық құрылысқа көп факторлы тексеру жүргізу.

Бүгінгі таңда 1,8 млн. гектар суармалы жерлердің су үнемдеу технологияларын тек 17 пайызы (279,5 мың га) қолданады.  Бұл қазіргі кезеңде өте қолайсыз.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында суару жүйелерін құруға, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын сатып алуға арналған шығыстарды субсидиялау үлесін 50 пайыздан (1 гектарға 1 600 мың теңге) 80 пайызға дейін
(1 гектарға 2 080 мың теңге) ұлғайту ұсынылады.

Бұл 2026 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінде су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлер алаңын 42 пайызға дейін ұлғайтуға  (613,6 мың гектар) және суды 1,5 текше шақырымға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Цифрландыру бағыты бойынша Министрлік «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресустарының интерактивті геоақпараттық платформасын әзірлеп жатыр.

Бұл өз ретінде бірынғай су кадастры бойынша су нысандарының деректері, гидротехникалық имараттар, су бассейіндік учаскілер, гидропосттар, ғарыштық мониторинг жұргізуге электрондық форматтағы паспортын көруге мүмкіндік береді және су шаруашылығы субъектілерінің есебі автоматтаңдырылады.

Бұл ақпараттық жүйе 2024 жылдың 3 тоқсанында өндірістік пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Министрлік Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 3500 км суару желілерін цифрландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.

Жобаны іске асыру суармалы жердің 362 мың гектарында суды есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл жыл сайын 0,6 текше шақырым суды үнемдейді.

Құрметті депутаттар, аталған мәселелер 8 желтоқсанда Су Кеңесінде қаралып қолдау тапты.

Айта кету керек, егерде біз жоспарлаған барлық іс- шараларды толыққанды жүзеге асырсақ біз 10,1 текше шақырым суды үнемдейміз.

 Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы заңның қабылдануына қатысты

Министрлік бүгінгі таңда Су кодексінің жобасын әзірлеуде, онда саланың негізгі бағыттары, су және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған елдің су ресурстық әлеуетін сақтау шаралары қамтылған. Сонымен қатар, ғылыми негіздеме, мониторинг, есеп және болжам су ресурстарын мемлекеттік басқарудың негізгі құралдарына айналуы тиіс ғылымның рөлі күшейтілді.

Сондай-ақ, жобада гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде осы саладағы қызметті реттеудің құқықтық негізін құру, гидротехникалық құрылыстарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, олардың жай-күйін тексеру, қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестігін бағалау, заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті айқындау жөніндегі ережелер көзделетін болады.

Кодекстің жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісіледі. Тиісті рәсімдер өткеннен кейін ол белгіленген тәртіппен Парламент қарауына енгізілетін болады.

Мамандықтар тізбесін кеңейтуге, мамандарды даярлау және біліктілікті арттыру орталығын құру үшін білім беру стандарттарын қайта қарауға қатысты

Су саласы үшін кадрлар даярлау «Гидромелиорация», «Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару», «Сумен жабдықтау және су бұру» (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) және «Су ресурстары және су пайдалану» білім беру бағдарламаларының топтары шеңберінде су ресурстары және су пайдалану бакалаврлары шығарылатын 9 ЖОО-да жүзеге асырылады.

2024 жылдан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігі жоғары оқу орындарымен студенттердің кәсіптік практикадан тікелей ведомстволық бағынысты ұйымдардағы өндірісте өту мүмкіндігімен, одан әрі жұмысқа орналасумен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, «Қазсушар» РМК жұмыс істеп тұрған кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар депутатық сауалдарда көтеріліп Министірлік тарапынан шешімін тапқан сұрақтарда жоқ емес.

Мәселен, Министрлік су шаруашылығы құрылыстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында «Нұра топтық су құбыры» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынын «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен біріктіруді жоспарлаған.

Үкімет қаулысының тиісті жобасы мүдделі мемлекеттік органдардың келісімінде және 2023 жылдың соңына дейін Үкіметтің қарауына енгізілетін болады.

Мақұлданған жағдайда, Министрлік 2026 жылға дейін топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға кезең-кезеңімен беруді жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Павлодар және Қызылорда облыстарының әкімдіктерімен келісім бар.

Бұдан өзге, 6 елді мекенді сумен қамтитің Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қоянды топтық су құбырындағы 6 ұңғыманың құрлысы аяқталды. Бұл өз алдында 4 мыңға жуық халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді.

2023 жылы 175 шақырымды құрайтын Астрахань-Маңғышлак су құбырының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.  

Құрметті депутаттар, тіршіліктің көзі болып табылатын су саласындағы мәселелерді көтеріп қана қоймай, оңтайлы шешуге ат салысып жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Баяндама аяқталды,  назарларыңызға рақмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 апреля 2024
Дата обновления
26 апреля 2024
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

04 декабря 2025
Өмірлік жағдайлар
Біз туралы БАҚ
19 июня 2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды
Біз туралы БАҚ
18 июня 2025
На сегодняшний день обучение по специальностям водной отрасли осуществляется в 12 вузах и 8 организациях технического и профессионального образования

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы