Сіздерге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.
Мемлекет басшысының Жолдауының негізінде құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің саясаты, ең алдымен, суды жинау, жер асты суларын пайдалану және ғылыми-техникалық прогресс арқылы суды тиімді қолдану мен артық су пайдалануды азайтуға бағытталған сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті орнатуға бағытталуы тиіс.
Жүргізілген функционалдық талдау су ресурстарын пайдалану және қорғау тиімділігін арттырудың ағымдағы міндеттерін, сондай-ақ мемлекетаралық су қатынастарын құрудың ұзақ мерзімді саясатын ескеріп, кадрлық қамтамасыз ету деңгейін арттыру орынды екенін көрсетті.
Су ресурстары және ирригация министрі қызметімдегі алғашқы қадамымды Астана, Алматы, Тараз қалаларында ардагерлер, ғалымдар және су шаруашылығы мамандарымен бірқатар кездесулер өткіздім. Осы кездесулер аясында Министрліктің жаңа құрылымы мен ережесі бойынша мамандардың пікірлері назарға алынды. Саланы дамытуға бағытталатын алдағы жоспарларымызды бірлесіп талқыладық. Жалпы, Министрлік диалогқа және су шаруашылығы саласындағы сарапшылар мен мамандардың пікірлерін назарға алуға дайын екенін атап өткім келеді.
Қазіргі кезде Министрліктің құрылымын және штаттық санын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Еліміз трансшекаралық өзендерге тәуелді. Сол себептен көршілес елдермен су ынтымақтастығы экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге және табиғи нысандарды сақтауға шешуші фактор болып табылады.
Трансшекаралық контексте ең тәуелді аймақтар оңтүстік бағытта орналасқан. Орталық Азия елдерімен су ресурстарын өзара тиімді басқарудың су-энергетикалық механизмін әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда.
Ағымдағы жылы 14-15 қыркүйекте Душанбе қаласында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшылары-Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев консорциум құру арқылы Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді және тұрақты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру бастамасын білдірді.
Осы тұрғыда Халықаралық Аралды құтқару қорының келесі жылдан 3 (үш) жылдық Казақстан тарапы төрағалық ету шеңберінде Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді және тұрақты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру бастамасын жүзеге асыруға Министрлік бар күш-жігерін салатынын атап өткім келеді.
Сонымен қатар 22-23 қыркүйекте Таразда Қазақстан мен Қырғызстанның Үкіметаралық кеңесінің 11-ші отырысы өтті. Кеңес аясында Қырғызстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Су ресурстары қызметінің басшыларымен кездесіп, Киров су қоймасын ашуға қолданыстағы шарттарды өзектендіруге келісімге келдік. Қазіргі таңда, су қоймасынан 12 текше метр көлемінде су жіберіліп, Жамбыл облысы су қоймаларына су жинақталуда.
Президент жолдауыңда Ұлттық гидрогеологиялық қызметін құруды тапсырды.
Қазіргі уақытта жер асты суларымыз су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады, сол себептен бұл салада нақты реформалар қажет. Осыған байланысты, Министрлік Ұлттық гидрогеологиялық қызметті құру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.
Министрлік өзекті мәселелер мен жаңа сын-қатерлерді ескеріп, жаңа редакцияда Су кодексін әзірлеуде.
Бастапқы кезеңде ұлттық заңнама және су ресурстары саласындағы халықаралық тәжірибе (Австралия, Германия, Израиль, Канада, Өзбекстан) зерттелді. Қолданыстағы су заңнамасының әлсіз жақтарын анықтау үшін Бассейндік инспекцияларға жұмыс сапарлары жүзеге асырылды.
Су кодексінің жобасында:
- ирригация және дренаж;
- сумен жабдықтау және су бұру;
- бөгеттердің қауіпсіздігі бойынша жаңа бөлімдер әзірленуде.
Су кодексінің жобасы шеңберінде:
- су пайдалану лимиттерінің сақталуын бақылаудың жеделдігін арттыру мақсатында бассейндік инспекцияларға қадағалау функцияларын беру;
- жер үсті және жер асты суларының сапасын басқару;
- су шаруашылығын мемлекеттік қолдау мәселелері пысықталуда.
Осы түзетулер мен жаңалықтардың барлығы мүдделі мемлекеттік органдармен, сала сарапшыларымен, ұйымдармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлесіп пысықталуда.
Су кодексінің жаңа жобасы еліміздің әлеуметтік экономикалық жағдайын көтереді.
Сондаяқ, Министрліктің құрылымына қатысты су қорын пайдалану және қорғау саласындағы бассейндік инспекцияларының штаттық санын көбейту жұмыстары басталды.
Су инфрақұрылымын дамытуға қатысты қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңарту, 20 жаңа су қоймасын салу, кемінде 3,5 мың шақырым каналдарды жаңарту және цифрландыру жоспарлануда.
Аталған бағыттардағы жұмысты Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында қамтылады.
Сонымен қатар, Мен су саласындағы проблемалармен танысу мақсатында өңірлерге іс-сапарларымды бастадым. Мысалы Қызылорда облысына барып, өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралап, олардың қызметкерлерімен және сарапшыларымен сөйлестім. Сала қызметкерлері жалақысының төмендігі жеке тақырып болды. Бұл маңызды мәселені біз міндетті түрде пысықтайтын боламыз.
Одан бөлек, Қарағанды және Павлодар облыстарында болып, Қ.Сәтбаев атындағы канал жұмысымен, нысандағы жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Оның жекелеген бөліктерін қайта құруды жеделдетуді тапсырдым. Мысалы, каналдан Есіл өзеніне дейін және №4 су торабының №87 бөгеті. Сондай-ақ, басқа да бірқатар мәселелерді, соның ішінде тозған жабдықты жаңарту және еңбекақының төмен болуына байланысты кадрлардың жұмыстан кету мәселесін жеке бақылауыма алдым. Бүл сапарлар жалғасын табады.
Жалпы су шаруашылығын дамыту министрліктін негізгі бағыты болады.
Назарларыңызға рахмет!