Су үнемдеу және Балқаш көлін сақтау «Суды үнемде – болашақты сақта!» экосағатына 328 мыңнан астам оқушы мен колледж студенті қатысты

Астанадағы А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясында «Суды үнемде – болашақты сақта!» атты экологиялық сағат өтті. Іс-шараны Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырды. Экосағатқа Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиоге, Қазақстандағы Француз даму агенттігінің директоры Гульноза Калленс және Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев қатысты.

Су үнемдеу және Балқаш көлін сақтау «Суды үнемде – болашақты сақта!» экосағатына 328 мыңнан астам оқушы мен колледж студенті қатысты
Дата публикации
06 марта 2026