Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға
конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары білім – мамандықтары бойынша: «су ресурстары және суды пайдалану», «мелиорация», «рекультивация және жерді қорғау», «гидрология», «гидрометеорология», «құрылыс», «гидротехникалық құрылыс және нысандар», «гидромелиорация», «гидрогеология және инженерлік геология», «ауыл шаруашылығы құрылысы», «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «су жабдықтау және кәріз жүйелері», құқық (құқықтану), заңгерлік немесе құқықтану, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит).
Кәсіби құзыреттілік:
Практикалық тәжірибе: Мамандық бойынша сәйкес профильдегі басқару лауазымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Функционалдық міндеттер:
Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқарады;
Кәсіпорынның негізгі қызметін ұйымдастырады, кадрлық және қаржылық мәселелерді шешеді, кәсіпорынның су шаруашылығы құрылыстарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды;
Халықтың және экономиканың салаларының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі бағыттары туралы ұсыныстарды әзірлеп, мемлекеттік басқару органы алдында ұсыну;
Кәсіпорын объектілерін салу және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ басқаруды жетілдіруге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да функцияларды орындайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2024 жылғы 23 мамырдағы № Ө-245 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК қызметкерлерін іріктеу және қабылдау ережелері негізінде өткізіледі.
Құжаттардың тізімі:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің веб-сайтында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәнгілік Ел көшесі, 8/2.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 72 52 70 (ішкі нөмірлері: 135, 117)
Жауапты тұлға: 8 775 686 84 22
Электрондық пошта: kazvodhoz_ok@mail.ru