Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 5-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сүйеу гидротехникалық құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу және арналар арқылы су беру жөніндегі тарифтік реттеушінің функцияларын беруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы каналдар арқылы сумен жабдықтау және гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу бөлігіндегі табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрық жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттің қаржылық шығындарын талап етпейді.