«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сүйеу гидротехникалық құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу және арналар арқылы су беру жөніндегі тарифтік реттеушінің функцияларын беруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы каналдар арқылы сумен жабдықтау және гидротехникалық сүйеу құрылыстарының көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу бөлігіндегі желілерге қосылуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттің қаржылық шығындарын талап етпейді.