Су үнемдеу технологиялары департаменті

Су үнемдеу технологиялары Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Департамент міндетіне суды үнемдеу технологияларын экономиканың барлық салаларында енгізу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру,  орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жұмыстары кіреді.

 

Департамент Ауыл шаруашылығы саласында суды үнемдеу технологиясын енгізу басқармасы және  Өнеркәсіп саласына суды үнемдеу технологиясын енгізу басқармасынан тұрады. Штат саны 7 бірлік.

 

Департамент директоры – Берікбол Шатабайұлы Мәндібаев.  Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-13-19.

 

Ауыл шаруашылығы саласына суды үнемдеу технологиясын енгізу басқармасының басшысы - К.А. Нуриханова.

Өнеркәсіп саласына суды үнемдеу технологияларын енгізу басқармасының басшысы - Ж.А. Абдуллаев.

Су үнемдеу технологиялары департаменті
Дата публикации
05 ноября 2024