Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті

Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Департаменттің міндетіне мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, су ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру жатады.

 

Департамент  Суару және дренаж басқармасы, Гидротехникалық имараттар  басқармасы және Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басқармасынан тұрады. 

Департамент директоры –  Қорғанбаев Құдайберген Нұрсерікұлы. Байланыс құралы: 8 (7172) 75-09-13. Бірлік саны – 20.

Суару және дренаж басқармасының басшысы –   Ұ.Б. Алтынкөпов

Гидротехникалық имараттар  басқармасының басшысы   –  Ж. Қайшыбекұлы

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру басқармасының басшысы  А. Нұрлан

 

 

Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті
Дата публикации
05 ноября 2024