Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Министрлік аппаратының және мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілігі мен бюджеттік, бухгалтерлік есебін жүргізуді және Министрліктің мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді.
Департамент Бюджетті жоспарлау басқармасы, Мемлекеттік активтерін басқару және бухгалтерлік есеп басқармасы, бюджеттік саясатты жүзеге асыру және мемлекеттік сатып алу басқармасынан тұрады. Бірлік саны- 16.
Департамент директоры Момыш Елтайұлы Махметов. Байланыс құралы: 8 (7172) 74-00-69.
Мемлекеттік активтерін басқару және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы − Г.К. Толеубекова.
Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы − Медетбек А.Н.
Бюджеттік саясатты жүзеге асыру және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы − А.К.Ергазинова.