Кадр жұмысы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің міндетіне Министрліктің персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету, ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асыру, Департаменттің және оның басқармаларының ережелерін әзірлеу, біліктілік талаптар мен азаматтық қызметшілер лауазымдарының реестрін әзірлеу және бекіту кіреді.
Департамент Персоналды дамыту бойынша басқармасы және Бақылау басқармасынан тұрады.
Департамент директоры – Баймурат Асия Баймұратовна. Байланыс құралы: 8 (7172) 74-90-05. Бірлік саны – 9.
Персоналды дамыту бойынша басқармасының басшысы − А.Ш.Шакерова.
Бақылау басқармасының басшысы − А.К. Таубасова.