Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің міндетіне су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды тиімді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, су саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдер жасау, су ресурстары мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды Қазақстанда және шетелде өткізу жұмыстары кіреді.
Департаментке Орталық Азиямен су ынтымақтастығы басқармасы, Қытай және Ресеймен су ынтымақтастығы басқармасы қарайды. Бірлік саны – 18.
Департамент директоры − Сағадиев Данияр Ғабитұлы. Байланыс құралы: 8 (7172) 74-02-97.
Орталық Азия бойынша су саласындағы ынтымақтастық басқармасының басшысы − С. Б. Темирбулатова.
Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасының басшысы − Н.Н.Әжіғұлова