Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 14-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2024 жылғы 7 наурыздағы № 1 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдары аккредиттелсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарына 3 жыл мерзіміне аккредиттеу туралы куәлік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Н. Нұржігітов