«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
9-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 2 хаттамасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) құрамы бекітілсін.
- Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Қоғамдық кеңес құрамына резервтік тізім бекітілсін.
- Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы
|
Б. Бекнияз
|