«Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысына өзгерістермен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі:»;

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау, гидрологиялық және су шаруашылығын бағалау, гидрогеология және геоэкология саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ғылыми-зерттеу институттары және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің сұратуы бойынша:»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шектес мемлекеттермен келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су бассейндерінде суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуді, сондай-ақ осы учаскелерде су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз етсін.»;

8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің су ресурсына қажеттілігіне тұрақты мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндеріндегі су көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша құжаттар жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.»;

9-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мониторинг жүйелерінен, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып алынған трансшекаралық су бассейндерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы жедел ақпарат алмасу бойынша Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;

          2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндеріндегі төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша құжаттар жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.»;

          10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

          «10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі трансшекаралық су бассейндеріндегі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша жедел ақпарат алмасу жөнінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.»;

11-тармақтың:

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне трансшекаралық су бассейндерінің қазақстандық бөлігінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын беріп отырсын;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қазақстан Республикасы аумағында трансшекаралық өзендердің су ресурстарының сандық жай-күйі туралы мониторинг деректерін ұсынсын.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және шектес мемлекеттермен шекаралас облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан аумағында келіссөздер жүргізу, консультациялар мен жұмыс кездесулерін өткізу кезінде протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды қоса алғанда, бірлескен комиссиялардың жұмысы үшін жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету, делегация мүшелерінің жеке қауіпсіздігін, оның ішінде кедендік шекарадан өту кезінде мүлік пен құжаттамаға қол сұғылмаушылықты, оларды тіркеуді жүзеге асыру бойынша (қажет болған кезде) және кедергісіз жүріп-тұруға жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы, осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     О. Бектенов

 

 

 

Дата публикации
13 марта 2024