Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы

 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 11-бабының 4)-тармақшасына сәйкес» Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі – Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы) біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) қайта ұйымдастырылсын.
  2. Мыналар:

1) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз ету, суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін суару, жайылымдарды суару үшін әкімшілік облыстар мен аудандардағы жерасты суларының ресурстары мен қорларының сумен қамтамасыз етілуін бағалау;

2) суармалы жерлердің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайын бағалау;

3) жерасты суларының мониторингі бойынша ақпаратты жинау және синтездеу, оларды цифрландыру және автоматтандыру;

4) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, жерді суару, өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, оның ішінде жайылымдарды суару үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу және жерасты суларының пайдалану қорларын бағалау;

5) санаториялық-курорттық емдеуге арналған жерасты минералды суларының, жылу-энергетикалық мақсаттарға арналған термалды сулардың, олардан пайдалы компоненттер алу үшін өнеркәсіптік сулардың іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу және пайдалану қорларын бағалау;

6) жерасты суларының әртүрлі түрлерінің ресурстарын аймақтық бағалау, жерасты суларының ластану көздерін бағалау, оларды тазарту әдістерін негіздеу және әзірлеу, өнеркәсіптік сарқынды суларды терең сулы горизонттарға жіберу, жерасты суларын жасанды түрде (қоймалау) үшін аумақтардың жарамдылығын бағалау;

7) жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, гидрогеология және геофильтрация үлгілері, цифрлық және картографиялық деректер базалары мен олардың басқару жүйелері саласында компьютерлік деректер базасын және тұрақты географиялық ақпараттық жүйелерді құру КеАҚ қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес, КеАҚ жарғылық капиталы
    Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық, Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы және Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы мүлкі есебінен қалыптастырылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

2) басқару органдары құрылғанға дейiн КеАҚ атынан мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға және үшiншi тұлғалардың алдында оның мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi тұлғаны сайлауды;

3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне меншік және пайдалану құқықтарын беруді;

5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
  2. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының         Премьер-Министрі

        

                О. Бектенов

 

 

Дата публикации
13 марта 2024