Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің
2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-Ө бұйрығымен бекітілгенҚазақстан Республикасы Су ресурстары және
ирригация министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру туралы есеп
Есеп беру кезеңі2023 жыл
1. Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу
|
№ р/с
|
Нысаналы индикатордың атауы
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті кезең
|
Ескерту
(орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)
|
|
|
|
|
|
|
Жоспар
|
Нақты
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
1-стратегиялық бағыт. Су ресурстарын тиімді пайдалану
|
||||||
|
|
Макроиндикатор:
|
|||||
|
1.
|
Магистральдық және тарату арналарындағы су ысырабын азайту (каналдардың пайдалы әсер коэффициенті)
|
Әкімшілік деректер
|
%
|
0,815
|
0,815
|
Орындалуда
Әдістемеге сәйкес индикатор есебін қалыптастыру мерзімі жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін
Ақпарат көзі: есепті жылдағы ысыраптар су пайдаланушылар ұсынатын «Су алу, пайдалану және суды бұрудың негізгі көрсеткіштері (индексі 2-ТП (су шар), кезеңділігіжылдық)негізінде қалыптастырылатын «Жыл сайынғы су алу, пайдалану және су бұрудың негізгі көрсеткіштері есебінен қабылданады (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасы министрлігініңСтатистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 15 мамырдағы №27бұйрығымен бекітілген)www.stat.gov.kz
|
|
1.1. - мақсат. Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру
|
||||||
|
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар
|
||||||
|
1
|
Тұрақты суарылатын сумен қамтамасыз етілген жерлердің ауданы
|
Әкімшілік деректер
|
мың. га
|
1600,0
|
1600,0
|
Орындалды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін беру жолымен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) құрылды.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-ө бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) Министрлікті құруға, сондай-ақ 2023 жылға арналған республикалық бюджетті түзетуге байланысты қабылданды (ҚР БК 62-бабы 5-тармағының 4 тт.).
Министрлікке Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен нысаналы индикаторлардың көрсеткіштері өзгеріссіз берілді. Алайда, Бұйрыққа сәйкес 2023 жылға арналған «Тұрақты суарудың сумен қамтамасыз етілген жерлерінің ауданы индикаторының көрсеткіші 1837 мың гектардан 1600 мың гектарға өзгертілді.
Осы нысаналы индикатор бойынша 2023 жылғы көрсеткіштің 1600 мың гектарға төмендеуінің себебі Министрліктің республикалық бюджетті түзетуі барысында республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына бюджеттік инвестициялар жобалары арасында 10,7 млрд теңгені қайта бөлу ұсынылғаны болып табылады, алайда РБК 5,3 млрд теңгені алып тастады (РБК-ның 2023 жылғы 10 қазандағы №16 шешімі және «Республикалық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралыҚаржы министрлігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 667 анықтамасы қоса беріледі). 2023 жылға арналған бюджет «Тұрақты суарудың сумен қамтамасыз етілген жерлерінің ауданы нысаналы индикаторы бойынша 5,3 млрд теңгенің азайғанын ескерсек, бұл көрсеткіш 1600 мың гектарға азайды.
Бұдан басқа, осы нысаналы индикатордың ақпарат көздері ресми көздерден қабылданады:
«Суды алу, пайдалану және су бұру туралы есеп ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің 2-ТП (Су шаруашылығы) индексі) негізінде қалыптастырылатын «Су алу, пайдалану және су бұрудыңнегізгі көрсеткіштері жыл сайынғы есебі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің 2023 жылғы Қазақстан Республикасы жерлерінің жай-күйі мен пайдаланылуы туралыжыл сайынғы жиынтық талдамалық есеп.
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай және пайдалану туралы жиынтық талдамалық есебіне сәйкес ҚР бойынша суармалы жерлердің болуы 2 243,4 мың гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1 890,0 мың гектарды құрайды, бұл ретте ЖАО деректері бойынша тек 1 557,6 мың гектар ғана пайдаланылды, яғни іс жүзіндеөсірілетін және сумен қамтамасыз етілген суармалы аудан2023 жылы статистикалық қателік ескеріле отырып 1 600 мың гектарды құрады.
Статистикалық қатені ескере отырып, ҚР АШМ ЖРБК ресми есепті деректерін негізге ала отырып, нысаналы көрсеткіш
1 600 мың га қол жеткізілді. |
|
2
|
Республикалық маңызы бар топтық су құбыры желілері жүргізілген елді мекендер саны
|
Әкімшілік деректер
|
бірлік
|
675
|
675
|
Орындалды
2023 жылы 254 Су ресурстарын тиімді пайдалану бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 113 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен сумен жабдықтау жүйесін, гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау және 119 ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен Гидротехникалық құрылыстарды сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау кіші бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға және ЖСҚ әзірлеуге 23,3 млрд теңгесомасында қаражат бөлінді.
Ақпарат көзі: жобалау-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама қорытындысы, объектіні пайдалануға қабылдау актісі.
|
|
3
|
ИДЖЖ-2 жобасының жасалған келісім-шарттары бойынша орындалған жұмыстардың деңгейі (түбін, еңістерін, бөгеттерінарналар мен коллекторлардың жоталарын жоспарлау)
|
Әкімшілік деректер
|
%
|
90
|
90
|
Орындалды
2023 жылы ИДЖЖ-2 жобасын жалғастыруға нақтыланған бюджет 13,0 млрд. теңге көлемінде бөлінді.
Сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 2,7 млрд. теңге бөлінді.
Жалпы бюджет 15,7 млрд. теңгені құрады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша игеру 15,5 млрд.теңгені, яғни 99,0% -. құрайды.
2023 ж. жай-күй бойынша ИДЖЖ-2 жобасының жасалған келісімшарттары бойынша орындалған жұмыстардың деңгейі (түбін, беткейлерін, бөгеттерін, арналар мен коллекторлар жоталарын жоспарлау) 90%-ды құрады.
Ақпарат көзі: мердігерлер орындаған құрылыс-монтаждау жұмыстарының төлем сертификаты.
|
|
Қаржыландыру көздері |
Жоспар миллион теңге |
Нақты миллион теңге |
Пайдаланылмау себептері |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
254 «Су ресурстарын тиімді басқару» |
68 101 057 |
64 976 087 |
Оның ішінде 2,3 мың теңге Еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 1,1 мың теңге Дөңгелектеу есебінен қалдық, 1 608 162,1 мың теңге Мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесіндегі техникалық проблемалар, 1 415 156,8 мың теңге Орындалған жұмыстар актілерін, шотфактураларды уақтылы ұсынбау, 101 647,7 мың теңге Өнім берушілердің Шарт талаптарын бұзуы. |
|
268Жерді суландыру және дренаж жүйелерін жетілдіру» |
12 971 104 |
12 847 373,8 |
Оның ішінде 56 002 мың теңге Өнім берушілердің Шарт талаптарын бұзуы, 68 142,1 мың теңге Орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, 413,9 мың теңге Бағамдық айырма |
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар (001): |
1 736 161 |
1 732 674,9 |
Оның ішінде 2494,3 мың теңге Орындалған жұмыстар актілерін, шотфактураларды уақтылы ұсынбау, 835,4 мың теңге Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу, 122,3 мың теңге Еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 27,4 мың теңге Іссапар шығыстары бойынша үнемдеу, 6,6 мың теңге Дөңгелектеу есебінен қалдық |
|
оның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар |
15 162 787,2 |
13 249 688 |
Оның ішінде 208,5 мың теңге Мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесіндегі техникалық проблемалар, 4,8 мың теңге Төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілді. 1 865 515.7 мың теңге Орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, 47 370,2 мың теңге Шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу |
|
Қорытынды |
97 971 109,2 |
92 805 823,7 |
|
3. Талдамалық жазба
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары
1 стратегиялық бағытты және 1 мақсатты көздейді, оның шеңберінде 2023 жылдың қорытындылары бойынша 4 нысаналы индикаторға (бұдан әрі – НИ), оның ішінде 1 макроиндикаторға қол жеткізу көзделген.
Макроиндикатор бойынша деректер Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында 2024 жылғы сәуірде қалыптастырылатын болады.
3 НИ бойынша деректер ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің15.09.2023 ж. № 261-Ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесінде (ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісілген)көрсетілген мерзімдерге сәйкес қалыптастырылды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 3 НИ-ге қол жеткізілді, 1 НИ (макроиндикатор) орындауда тұр
2023 жылға арналған бюджетке қатысты
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2 бюджеттік бағдарламаны (254Су ресурстарын тиімді басқару және 268Жерді суландыру және дренаж жүйелерінжетілдіру), сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 81,1 млрд теңге көзделді, оның ішінде 77,8 млрд теңгеигерілді немесе 96% игерілді. Игерілмеген қаражат сомасы 3,2 млрд теңгені немесе 4%құрады
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын сапалы іске асыру үшін оның іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізілді, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты орындаушы ұйымдардың 2023 жылға арналған Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есептерді белгіленген мерзімде ұсынуы қамтамасыз етілді.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстарыжәне ирригация министрі |
Н. Нұржігітов |