Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2023 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспар) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен Су шаруашылығы комитеті басшылары:

1) Операциялық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне (бұдан әрі – Департамент)  ұсынсын.

  1. Департамент:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Аппарат басшысына ұсынсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.

 

 

Аппарат басшысы

Д. Қазантаев

 

Дата публикации
29 февраля 2024