Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігінің мемлекеттік
қызметтерді көрсету сапасын бақылау
іс-шараларының 2024 жылға арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 41-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2024 жылға арналған жоспары бекітілсін.
- Министрліктің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің Цифрландыру департаментінің директор орынбасарына С.С. Шалмаганбетоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аппарат басшысы Д. Казантаев