«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органмен;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, суармалы, ауыз су беру болып табылады.
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2- тармақтың 2) тармақшасын алып тасталсын.
1) кәсіпорынның жарғысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізілсін;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп (келісім бойынша) кәсіпорынға берілетін жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Смаилов