Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация

министрлігінің 2024 жылға арналған

мемлекеттік аудит объектілерінің

тізбесін бекіту туралы

 

 

         «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы
    Су ресурстары және ирригация министрлігінің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – Тізбе).
  2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент):

         1) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Тізбені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жіберуді;

         2) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 5 күннің ішінде Тізбені Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Департамент директорына жүктеймін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

         Министр                                                  Н. Нұржігітов

 

Дата публикации
29 декабря 2023