Соңғы он жылдықта республика мен көрші мемлекеттер экономикасының өсуіне байланысты Каспий теңізінде су деңгейінің төмендеуі, теңізде көмірсутектер өндіруге байланысты антропогендік жүктеменің артуы, сондай-ақ түсетін төгінділердің ластаушы заттардың жоғары концентрациясы байқалады. Балықтардың заңсыз аулануы, итбалықтар мен балықтардың жойылуы экобаланстың бұзылуына әкеп соғады.
Алдын алу шараларын қабылдау үшін Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде Маңғыстау облысында Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды.
Институттың ғылыми қызметі келесі зерттеулерге бағытталады: Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеу; Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеу проблемаларын зерттеу; итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау; Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау; ихтиофаунаны зерттеу; Каспий теңізінің акваториясы мен жағалауын тұрақты тексеру; Каспий маңындағы басқа мемлекеттердің әріптестерімен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Институт қызметінің нәтижелері негізінде Каспий теңізі экожүйесінің барлық бағыттары бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат алу күтілуде. Алынған деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауы үшін негіз болады.
Осылайша, ғылыми институт құру Каспий теңізін толық көлемде сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқтырмайды.
Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.