Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Министрлік жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізу туралы хабарлайды.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Министрлікке мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеуді жүргізу, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің негіздері мен күшін жою тәртібі қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілген бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі ұсынуы тиіс.
Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобаларына, реттеуші саясаттың консультациялық құжатына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығын алады.
Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 16 В кіреберіс мекенжайы бойынша ұсынады.
Анықтама телефоны: 74-14-55, ұялы: +7 771 414 68 90, e.kense@ecogeo.gov.kz.