Конкурс на занятие вакантной должности заместителя генерального директора по питьевому водоснабжению

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ауыз сумен жабдықтау жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Функционалдық міндеттері:

Кәсіпорын қызметінің келесі түрлері бойынша басшылықты және бақылауды жүзеге асырады:

кәсіпорынның теңгеріміндегі қауіпсіз ұстау, пайдалану, ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және реконструкциялау, сондай-ақ топтық су құбырларын, магистральдық су құбырларын салу;

берілген мақсаттарға сәйкес су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті іс-шараларды орындау;

топтық су таратқыштардың тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;

        су үнемдеу технологияларын енгізуді ескере отырып, су тұтыну лимиттерін айқындауға, су тұтыну жоспарлары мен есептерін әзірлеуге қатысу;

топтық су құбырлары объектілерінде табиғи зілзалалар мен авариялық жағдайлардың салдарларын болғызбау және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

        қоршаған ортаны ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

        Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардың шешімі бойынша тұтынушыларды сумен жабдықтау, тарифтер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен қызметтер көрсету;

        суды есепке алудың қазіргі заманғы аспаптары мен су үнемдеудің озық технологияларын ұйымдастыру және енгізу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс;

        қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасына сәйкес өндірістік объектілерді мерзімді және міндетті аттестаттауды жүргізу.

        Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары – «су ресурстары және суды пайдалану», «құрылыс», «гидротехникалық құрылыс және құрылыс», «ауыл шаруашылығы құрылысы», «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша және заңгерлік білім беруге жол беріледі.  Мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 1-кіреберіс, анықтама телефоны 74-98-62, электронды мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс r.bisinbaeva@ecogeo.gov.kz

 

 

Дата публикации
25 марта 2021