Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары – бас инженерінің бос лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары – бас инженерінің бос лауазымына конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері:

Топтық су құбырларын өткізу және пайдалану, ауыз су беру бойынша кәсіпорын қызметіне жалпы басшылық ету, топтық су құбырлары мәселелері бойынша барлық қаржылық және заңды құжаттарға бірінші қол қою құқығымен (3КС нысаны, шарттар және т. б.);

Кәсіпорын қызметінің келесі түрлері бойынша басшылықты және бақылауды жүзеге асырады:

- Кәсіпорынның теңгеріміндегі топтық су құбырларды, магистральдық су құбырларды қауіпсіз ұстау, пайдалану, ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және реконструкциялау, сондай-ақ салу;

- берілген мақсаттарға сәйкес су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті іс-шараларды орындау;

- топтық су құбырларының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету;

- су үнемдеу технологияларын енгізуді ескере отырып, су тұтыну лимиттерін айқындауға, су тұтыну жоспарлары мен есептерін әзірлеуге қатысу;

- топтық су құбырлары объектілерінде апаттық жағдайлар мен табиғи апаттардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларды әзірлеу;

- қоршаған ортаны ластанудан және басқа да зиянды әсерлерден қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- суды есепке алудың Заманауи аспаптары мен су үнемдеудің озық технологияларын ұйымдастыру және енгізу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыс;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды әзірлеу және орындау.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби білім: «Гидротехникалық құрылыс және құрылысжай», «гидромелиорация», «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «сумен жабдықтау және кәріз».

Кәсіпорын бағытына сәйкес басшы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестациялау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидасы негізінде өткізіледі.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел көш., 8 үй, 1 кіреберіс мекенжайына ұсынылуы тиіс.

         Анықтамалар үшін тел.:74-98-62, электрондық пошта bisinbaeva.r@ ecogeo.gov.kz.

 

Дата публикации
22 февраля 2021