Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қытайдың «Үш шатқал» электр энергетикасы кәсіптік колледжі арасындағы меморандум аясында Тараз қаласында ҚазСШҒЗИ базасында бірлескен Оқу орталығы құрылды. Орталық Қазақстанның су шаруашылығы саласы мамандарын қайта даярлауға, сондай-ақ оқу семинарлары мен тренингтер өткізуге арналған.