Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы
    № 863 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
  2. Осы Регламент «Мемлекеттік аппарат қызметін дебюрократияландыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығымен айқындалған келесідей дебюрократияландыру қағидаттарына негізделеді:

1) мазмұнның нысаннан басымдығы – нәтижеге жетудің нысандық тәсілінен нақты және өлшенетін нәтижеге басымдық беру;

2) цифрландыру әдепкі бойынша – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өзара іс-қимылында цифрлық форматтағы өзара байланыстың басымдығы;

3) басқарушылық жауапкершілік – нақты басшының құзыретіне кіретін шешім қабылдау және келісу мәселелерін жоғары тұрған деңгейге немесе алқалы органдарға беруге жол бермеу;

4) үздіксіз жетілдіру – бюрократияны азайтуға, ішкі рәсімдер мен процестерді жүйелі түрде қайта қарауға және оңтайландыруға ынталандыратын мемлекеттік аппараттың ұйымдық мәдениетін қалыптастыру және қолдау;

5) реттеудің оңтайлылығы – мемлекеттік органдар қызметін реттеудің оңтайлы және қажетті деңгейін белгілеу, негізсіз жаңа бюрократиялық талаптар мен есептілік және бақылаудың түрлерін енгізуге жол бермеу.

  1. Құжаттармен жұмыс істеу талаптары мен осы Регламентте белгіленген мерзімдер Министрліктің, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің және Министрліктің қарамағындағы ұйымдарының қызметкерлеріне қолданылады.
  2. Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, кіріс хат-хабарды қабылдау, өңдеу және бөлу, соның ішінде электрондық құжат айналымын, тапсырмалардың, өтініштердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру:

1) ӘРПК, Цифрлық кодексі;

2) Қазақстан Республикасының заңдары:

«Масс-медиа туралы»;

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы»;

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы»;

«Құқықтық актілер туралы»;

«Мемлекеттік сатып алу туралы»;

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы»;;

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау мен іске асыру, актілері мен тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылау, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының (бұдан әрі – № 976 Жарлық);

4) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысының 
(бұдан әрі – Үкімет Регламенті);

5) «Қызметтік пайдалануға арналған шектеулі таралымдағы ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысының  (бұдан әрі – № 429 Қағидалар);

6) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау жөніндегі үлгілік регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысының  (бұдан әрі – Үлгілік регламент);

7) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу және олардың Президент Әкімшілігіне құжаттарды жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының
2022 жылғы 1 маусымдағы № 22-01-38.16 бұйрығының
(бұдан әрі – ПӘ қағидалары);

8) «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы жүргізу, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығының 
(бұдан әрі – Құжаттаманы жүргізу қағидалары);

9) «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығының;

10) «Су ресурстары және ирригация министрлігінде құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 225-НҚ бұйрығының
(бұдан әрі – Алгоритм) талаптарына сәйкес осы Регламентінен айқындалады.

Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

Министрлікте келесі жұмыс тәртібі белгіленеді: жұмыстың басталуы
8 сағат 00 минут, аяқталуы - 17 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13 сағат 00 минут
14 сағат 30 минутқа дейін.

Бұл ретте, құрылымдық бөлімшелер басшыларымен келісу бойынша қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 74-бабына сәйкес икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.

  1. Министрлік қызметкерлері мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді және сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдаланады.
Дата публикации
19 июня 2026