Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Жақанбаев Арсен Арманұлы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі
Общая информация, образование

1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық-гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық» мемлекеттік мекемесінің суармалы жерлерді мониторингтеу жөніндегі Алматы бөлімшесінде маман болып бастаған.

2012–2014 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымында инженер-жобалаушы, жетекші маман.

2014–2017 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және инвестициялар басқармасының, Топтық су құбырларын дамыту басқармасының бас сарапшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту департаменті басқармасының бас сарапшысы.

2018–2019 жылдары — Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы.

2020-2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а., басшысы.

2021-2023 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаментінің директоры, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2023 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы