Жакен Кульпаш Мұхтарқызы 1989 жылы 17 желтоқсанда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келді.
2011 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Экология» мамандығы бойынша білім алды.
13.03.2014 – 08.08.2014 жылдары «University Service Management» жеке мекемесі, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің инженер-экологы.
11.08.2014 – 31.08.2017 жылдары «USM ASTANA» ЖШС, Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің инженер-экологы.
04.07.2017 – 31.12.2019 жылдары «География институты» ЖШС жанындағы Халықаралық суды бағалау орталығы филиалының бас сарапшысы.
10.07.2020 – 30.04.2024 жылдары «Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы» қоғамдық қоры жанындағы «Халықаралық суды бағалау орталығы» филиалының бас сарапшы.
02.05.2024 – 12.06.2024 жылдары «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі» мемлекеттік мекемесінің Су саясаты департаменті, су ресурстары саласындағы мемлекеттік саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушысы.
13.06.2024 – қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі» мемлекеттік мекемесінің Су саясаты департаменті, су ресурстары саласындағы мемлекеттік саясат басқармасының басшысы.