
2025 жылғы 14 ақпанда Жоғары Сот Кеңесі жариялаған конкурс шеңберінде судья болып табылмайтын кандидаттар Конкурстық комиссиямен ауызша сұхбаттан өтті.
Конкурстық комиссияның құрамына Кеңестің тұрақты мүшелері, сондай-ақ заң қоғамдастығының, прокуратураның өкілдері және HR-мамандар кіреді.
Сұхбатқа 71 үміткер қатысты.
Бұл кезеңнің мақсаты-үміткерлердің судьяның сапалы жұмысы үшін қажетті коммуникативтік және кәсіби дағдыларын дамыту деңгейін анықтау.
Жеке құзыреттері мен кәсіби қасиеттері бойынша бағаларды Конкурстық комиссия мүшелері бағалау парағында әрбір кандидатқа қатысты жеке қояды. Қалыптастырылған бағалау парақтарының негізінде конкурстық комиссия мүшелері сұхбат нәтижелері бойынша қойылған әрбір кандидат бойынша орташа балды есептейді.