Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Алтын Айтуарова «Jibek Joly» телеарнасындағы «JJ Studio» бағдарламасына қатысып, Қазақстанның кассациялық соттарына судьяларды іріктеу процесі туралы айтты

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Алтын Айтуарова «Jibek Joly» телеарнасындағы «JJ Studio» бағдарламасына қатысып, Қазақстанның кассациялық соттарына судьяларды іріктеу процесі туралы айтты

Сұхбат барысында Алтын Айтуарова Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығымен Астана қаласында үш жаңа кассациялық сот құрылғанын айтты.

Бұл ретте ол Мемлекет басшысының 2024 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасы судьяларының IX съезінде айтылған тапсырмаларын орындау үшін кассациялық соттардың кадрлық құрамы неғұрлым тәжірибелі судьялар қатарынан құрылатынын атап өтті.

Кассациялық соттардың өкілеттіктері қолданыстағы заңнамада айқындалған.

Атап айтқанда:

  • Сот істері мен материалдарын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарау;
  • Сот практикасын зерделеу және төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықты сақтау мәселелерін қарау;
  • заңда көзделген басқа да өкілеттіктер жатады.

Қазіргі уақытта Кеңес Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен 2025 жылға арналған кестеге сәйкес жаңадан құрылған кассациялық соттарға кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы кестеге сәйкес Астана қаласында кассациялық соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурс биыл 22 қаңтарда жарияланды, ал кандидаттардан құжаттарды қабылдау 12 ақпанда аяқталды.

Конкурсты қорытындылау осы жылдың сәуір-мамыр айларында жоспарланған.

Кеңес өкілдерінің бағдарламаларға қатысуы қоғамның судьяларды кассациялық соттарға іріктеу процесі туралы, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің қызметі мен Қазақстанның сот жүйесіндегі кадрлық бастамалар туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.