
Бағдарламаға ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев, Кеңес аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Аида Қайжақпарова, Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусин және Сот төрелігі академиясының профессоры Руслан Сұлтанов қатысты.
Бағдарлама барысында қатысушылар Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховпен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған Сот төрелігі академиясын дамытудың тұжырымдамасы туралы айтып берді, ол Академия қызметінің қысқа мерзімді кезеңге арналған перспективалық бағыттарын айқындайды.
Кеңес мүшесі Е. Бегалиев атап өткендей, тұжырымдама Академияның білім беру бағдарламалары мен ғылыми жұмысын одан әрі жетілдіруге, оның ішінде ғылыми-педагогикалық бейіндегі докторантура мен магистратураны енгізуге, референдиат институтын құруға және судьялар үшін біліктілікті арттыру курстарын одан әрі дамытуға бағытталған.
К. Мусин Академияның білім беру қызметінің маңызды аспектілерін атап өтті. Атап айтқанда, ол академияның Академиялық адалдық пен әдептілік қағидаттарын белсенді түрде енгізіп жатқаны туралы айтты, бұл білім беру сапасын арттыруға және сот кадрларын даярлау процесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Сот төрелігі академиясының қызметіндегі жаңашылдықтармен қатар, Аида Қайжақпарова қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесінің қызметіне белсенді енгізіліп жатқан бастамалар туралы атап өтті.
Осылайша, А. Қайжақпарова судьяларды іріктеу кезінде Жоғарғы Сот Кеңесі жүргізетін кейбір процестерді оңтайландыру, нәтижесінде біліктілік емтиханын тапсыру мерзімдері қайта қаралғандығы туралы айтты. Егер бұрын емтихан жылына төрт реттен көп емес өткізілсе, енді біліктілік емтиханы ай сайынғы негізде өткізіледі. Сондай-ақ, біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу айына бір-екі рет өткізілудің орнына енді аптасына бір рет өткізілетін болады. Бұл өзгерістер судьялардың бос орындарын олардың сапасына нұқсан келтірместен тиімді толтыруға бағытталған.
Спикерлер Кеңестің қызметі ашықтық, жариялылық және айқындылық қағидаттарына негізделгенін және Кеңес пен Академияның қызметі туралы барлық қажетті және қызықтыратын ақпаратты ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерден алуға болатынын атап өтті.
«24KZ» телеарнасының «Дневная смена» бағдарламасына қатысу ҚР Жоғары Сот Кеңесі мен Сот төрелігі Академиясы жұмысының ашықтығын арттыру жолында дәстүрге айналды.