Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін екінші кезең конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін екінші кезең конкурс жариялайды

2020 жылғы 28 ақпандағы конкурста өткізілген жоқ деп танылған аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындарына Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі конкурстың екінші кезеңін жариялайды

 

Ақмола облысы бойынша:

Егіндікөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Жарқайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Ақтөбе облысы бойынша:

Алға аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Байғанин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Алматы облысы бойынша:

Ақсу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Алакөл ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Райымбек аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Атырау облысы бойынша:

Исатай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Құрманғазы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

Қатонқарағай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Қатонқарағай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Ұлан ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Қарағанды облысы бойынша:

Ақтоғай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Нұра аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Қарқаралы ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

Қостанай облысы бойынша:

Федоров аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Павлодар облысы бойынша:

Железин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Май аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Ақжар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Айыртау ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция).

Барлығы: 22 лауазым.

«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 18-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған басқа судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін.

Осыған байланысты 22.02.2020 жылғы конкурсқа қатысқан адамдар және олар жоғарыда көрсетілген конкурс өтпеді деп танылған бос судья лауазымдарына орналасуға өтініш бермегендер Кеңеске тиісті өтініш беруге құқылы.

Бірінші кезең шеңберінде қатысқан лауазымдарға кандидаттар қайта конкурсқа қатысуға жол берілмейді.

Бірінші кезең шеңберінде аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына конкурсқа қатыспаған жұмыс істеп жүрген судьялары, сот төрелігінің Сапасы жөніндегі комиссияның судьянын кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы шешімін, сондай – ақ кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын бірінші басшының сипаттамасын қосымша ұсынады (басшы лауазымдарда  жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міңдеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.).

Үміткерлер конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 2020 жылғы 11 қыркүйекке дейін қосымша Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасының атына қолы мен күні қойылған өтініш ұсыну тиіс.

Қосымша өтініш  Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс konkurs@vss.gov.kz, өтініштің түпнұсқасы келесі мекенжайға жіберілу тиіс: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.

Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-91-03, 75-16-36, 75-03-09.

  

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесі