
2025 жылғы 4 наурыз – 2 сәуір аралығында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғашқы рет «Азаматтық-құқықтық дауларды қарау және шешу кезінде құқықтың жекелеген салаларын қолдану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша референдиат онлайн-курстарын (Қазақстанның сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды даярлау жөніндегі қарқынды курс) өткізу жоспарланып отыр.
Референдиат институты ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясының 2025–2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жасалынып отыр.
Курс судья лауазымына орналасу үшін «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сай үміткерлерге арналған.
Курстың мақсаты тыңдаушыларды азаматтық-құқықтық дауларды шешуі кезінде қолданылатын құқық салаларының негізгі нормативтік ережелерімен таныстыру болып табылады.
Курстың ұзақтығы - 48 сағат (аптасына 3 күн, сағат 14:30-дан 18:00-ге дейін).
Өтініштер 2025 жылдың 27 ақпанына дейін қабылданады.
Курстың соңында сертификат беріледі.
Қатысу үшін өтініш пен курсқа қатысушының сауалнамасын толтырып жіберу керек.
Курс бағдарламасымен Сот төрелігі академиясының sta-jsk.kz сайтында танысуға болады.
Толық ақпарат алу үшін курс үйлестірушісіне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +7 (7172) 71-08-49, +7-701-700-88-68.