Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында 2025-2027 жылға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында 2025-2027 жылға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді

Жоғары Сот Кеңесі Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Құжат Сот төрелігі академиясы қызметін, сот білімін жетілдірудің, сондай-ақ оның ғылыми, кадрлық және ұйымдастырушылық әлеуетін нығайтудың негізгі аспектілерін қамтитын перспективалық бағыттарын айқындайды.

Аталған тұжырымдаманы әзірлеудің орталық факторларының бірі Сот төрелігі академиясын Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру болды. Бұл қадам Сот төрелігі академиясының болашағы туралы стратегиялық көзқарасты дамытуға негіз болды, оның қызметі сот жүйесінің өзекті мәселелері мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Тұжырымдаманың жаңашылдығын және Мемлекет басшысының 2024 жылғы 14 қазандағы судьялардың IX съезінде берген тапсырмаларына толық сәйкес келетінін атап өту маңызды.

«Жоғары Сот Кеңесі судья кадрларын даярлау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қабылданған Тұжырымдама Академияның білім беру, ғылыми, кадрлық және ұйымдастырушылық қызметін жетілдіруге бағытталған жоспарлар мен шараларды қалыптастыру үшін негіз болады. Қысқа мерзімді перспективада маңызды қадамдардың бірі ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураны енгізу болып табылады, бұл судьялардың біліктілігін одан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Тұжырымдаманы іске асыру сот жүйесі үшін жоғары білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ете отырып, сот білімін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Д.Малахов. 

Қазіргі уақытта тұжырымдаманы іске асыру жоспары әзірленуде.