Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан азаматтарды жеке қабылдады

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан азаматтарды жеке қабылдады

Азаматтардың таңдауы бойынша қабылдау офлайн форматта да, облыстық соттардың бейнеконференцбайланысы арқылы да қамтамасыз етілді.

Жеке қабылдау барысында сот актілерімен келіспеу және судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселелері көтерілді.

Сот жюриінің төрағасы Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің өкілеттіктері туралы, атап айтқанда Сот жюриінің сот истанциясы болып табылмайтындығы және сот актілерін қайта қарамайтыны жайлы егжей-тегжейлі түсініктемелер берді.

Сот шешімдеріне шағымдану тәртібі және судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту алгоритмі түсіндірілді.

2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілген жаңа тәртіп бойынша судья жоғары тұрған соттың жеке ұсынысында көрсетілген заңдылықты өрескел бұзғаны үшін ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Сондай-ақ, азаматтар судьялардың этикалық нормаларды бұзуына қатысты толық жауап алды. Сот жюриі туралы Ережеге сәйкес мұндай өтініштер тексеру жүргізу үшін Жоғарғы Сотқа және облыстық соттарға жіберіледі.