Жоғары Сот Кеңесі Жеке сот орындаушылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізді

Жоғары Сот Кеңесі Жеке сот орындаушылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізді

Іс-шараларға Кеңес мүшелері Е. Бегалиев , О.Цай ,А. Айтуарова, Г.Нұрлықұлов, Ж.Мырзалиев, Н. Сисенова, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері, Республикалық Жеке сот орындаушылары палатасының Төрағасы Айдос Иманбаев, сондай-ақ республиканың 20 өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Іс-шараларға барлығы 1500 мыңнан астам маман қатысты.

Жеке сот орындаушыларының дайындығы мен жоғары жауапкершілігі оларды сот төрелігі жүйесіндегі маңызды субъектілерге жатқызуға мүмкіндік береді. Олардың кәсібилігі, сенімділігі және мінсіз беделі сот шешімдерін тиімді орындаудың кепілі болып табылады және құқықтық салада табысты мансап үшін берік негіз жасайды.

Кеңес мүшелері Жоғары Сот Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ судья мамандығына кіру тәртібін түсіндірді.

Барлық ұйымдастырылған кездесулерге қатысушылар біліктілік емтиханын тапсыру және судьялық лауазымдарға іріктеу тәртібіне қатысты өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Мұндай бастамалар заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын көрсете отырып, құқықтық қызметтің әртүрлі салаларының өзара іс-қимылы үшін жаңа көкжиектер ашады.

Кеңес мүшелері өз қызметінің ашықтығы мен айқындығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.