ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Maqsut Narikbayev University (MNU) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Maqsut Narikbayev University (MNU) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Іс-шараға Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының м.а. Қанат Мусин, MNU провосты Сергей Пен, Кеңес мүшелері Е. Бегалиев, А. Нұрбеков, MNU мен Кеңес аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кеңес жанындағы Сот төрелігі Академиясы мен MNU арасында екі жақты меморандум жасасу мамандарды даярлау сапасын арттыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған заң және сот білімі саласындағы ұзақ мерзімді әріптестік үшін маңызды негіз болды.

Меморандумға қол қою бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар, екі жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау әдістерін жетілдіруге ықпал ететін бастамаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Кеңес мүшесі Е. Бегалиев заң практикасының қазіргі заманғы сын-тегеуріндеріне жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды даярлау үшін екі жетекші жоғары оқу орындарының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

MNU провосты Сергей Пен Жоғары Сот Кеңесіне ашықтығы үшін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясының MNU-мен ынтымақтастық бастамасы үшін алғыс білдіре отырып, ол заң және судья кадрларын даярлау жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдірудің әдіснамалық, теориялық және практикалық негізіне айналатындығын атап өтті.

«Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі Академиясы мен MNU арасындағы меморандумға қол қою – бұл MNU жалпы Жоғары Сот Кеңесімен жүргізетін үлкен қызметтің бір бөлігі ғана», - деп атап өтті С.Пен.

Меморандумға қол қою мекемелер арасындағы серіктестік қатынастардың жалғасы болып, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізін қалады.