Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдады

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдады

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесуде судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерімен қатар сот актілерімен және судьялардың іс жүргізу әрекеттерімен келіспеушіліктер айтылып, сондай-ақ соттардың сот практикасының біркелкілігін сақтамауы туралы айтылды.

Дмитрий Малахов Жоғары Сот Кеңесінің құзыреті шеңберінде заңды күшіне енген және енбеген сот актілеріне шағымдану тәртібіне, сондай-ақ судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау тәртібіне қатысты егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Төраға Жоғары Сот Кеңесінің соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласпау қағидатының сақталуын атап өтті.

Азаматтармен тұрақты кездесулер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі жұмысының маңызды бөлігіне айналғанын атап өту маңызды.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховпен алдын ала жазылу бойынша азаматтарды жеке қабылдаулар тұрақты негізде жүргізіледі.