
Онда сот жүйесінің бірқатар ұйымдық-кадрлық мәселелері талқыланды.
Біліктілік комиссиясының, Сот жюриінің, Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның 2024 жылғы жұмысы туралы есептер тыңдалды, сондай-ақ олардың осы жылғы қызметіндегі негізгі өзгерістер айтылды.
Компьютерлік тестілеуді өткізу жиілігі артады (4 орнына жылына 6 рет), Біліктілік комиссиясының отырыстары апта сайын (бұрын-айына 1 рет) өткізілетін болады.
Бұл жаңашылдықтар судьялық лауазымға орналасуға арналған біліктілік емтихандарының тиімділігін арттыруға және кең аудиторияға қол жеткізуге бағытталған, бұл өз кезегінде судьялық бос орындарды тезірек және тиімді толтыруға ықпал етеді.
Кадр резерві жөніндегі комиссия судьялардың кадр резервінің тізімдерін жылына екі рет (бұрын – жылына 1 рет) қалыптастыратын болады.
Кеңес жанындағы Сот жюриінің заңдылықты өрескел бұзудың барлық фактілерін тексерудің жаңа тетігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.
Отырыста бірқатар кадрлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Облыстық соттардың төрағаларын тағайындау туралы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстары қаралды. Үміткерлер балама негізде ұсынылады.
Бұдан басқа, зейнеткерлік жасқа толған судьялар лауазымында одан әрі болу, судьяны конкурссыз тағайындау, сондай-ақ республика соттарының жекелеген төрағалары мен судьяларын қызметтен босату туралы мәселелер қаралды.
Кеңес Сот әкімшілігіне судьялардың бірліктерін алты жергілікті сот арасында қайта бөлуге келісім берді, бұл судьяларға жүктемені оңтайландыруға және сот төрелігінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.