
Судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханның аясында 2025 жылдың 17 - 20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заңнаманы білуіне арналған компьютерлік тестілеу өткізіледі.
Мекен-жайы: Астана қ, Абай даңғылы, 33 А, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты. Телефон: 74-90-44 74-95-42, 74-95-35 +7 778 290 48 14.
Компьютерлік тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттар сол күні а.ж. 17 - 20 ақпан аралығында эссе жазуға және кейстік тапсырмаларды орындауға шақырылады.
Мекен-жайы: Астана қ, Абай даңғылы, 33 А, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты.
Кандидаттар а.ж. 12 ақпанына дейін емтиханға қатысу туралы растауды 74-90-44 74-95-42, 74-95-35 +7 778 290 48 14 телефон нөміріне, немесе
k.asylbekova@vss.gov.kz электронды поштасына хабарлауы тиіс.
Компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға, кейс тапсырмаларын орындауға шақырылған кандидаттардың тізімі;
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат;
Эссе жазу бойынша жадынама;
Кейс тапсырмаларын шешу бойынша жадынама;
Апелляциялық комиссия туралы ережелер Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында жарияланған.
Үміткерлерге сәттілік тілейміз!