Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды  жеке қабылдау өткізді

Қабылдау шеңберінде азаматтар кассациялық соттардың судьяларына конкурстарға қатысу  және конкурстық іріктеу тәртібі туралы сұрақтармен жүгінді.

 Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда үш жаңа кассациялық сот жұмыс істей бастайтынын атап өтті. Кеңес Төрағасы кассациялық соттардың  судьяларына арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды беру тәртібін түсіндіріп, сондай-ақ іріктеу а.ж. қаңтар айының соңына дейін бастау жоспарланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Дмитрий Малахов судьяларды конкурстық іріктеу кезеңдері бойынша түсініктеме берді.

Азаматтармен тұрақты кездесулер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі жұмысының маңызды бөлігіне айналғанын атап өту маңызды.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховпен алдын ала жазылу бойынша азаматтарды жеке қабылдаулар тұрақты негізде жүргізіледі.