Жоғары Сот Кеңесінің кезекті аппараттық отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті аппараттық отырысы өтті

Жиналыс барысында Мемлекет басшысының Қазақстан судьяларының IX съезінде берген тапсырмаларының орындалу жағдайы қаралды. Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов олардың уақытылы және сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, кеңес барысында 2025-2029 жылдарға арналған Сот төрелігі академиясының даму Концепциясының жобасы таныстырылды.

Кеңес Төрағасы Д.Малахов Академияның білім беру бағдарламалары мен курстарының қазіргі заманғы құқық жүйесінің талаптарына сәйкес келуінің маңыздылығын, құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның құрылуы жағдайында Академияның одан әрі дамуы заңнамалық өзгерістер мен сот практикасына жедел жауап бере алатын икемді әрі заманауи бағытталған білім беру құрылымын қалыптастыруға бағытталуы керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында судья қызметіне жаңа кадрларды тарту үшін Кеңес жұмысын ақпарататтық сүйемелдеу мәселелері қарастырылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша Дмитрий Малахов Кеңес жұмысын жетілдіру және қойылған міндеттердің тиімді орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді.