Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімін бекітті

Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімін бекітті

Жоғары Сот Кеңесінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары мен судьясы, Жоғарғы Сот судьясы мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімі бекітілді. Барлығы 91 судья резервке қабылданды.

Резервке үміткерлерді іріктеуді Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия жүргізді.

Кадр резервін қалыптастыру кезінде  судьяларды конкурстық іріктеу жүйесінің элементтері пайдаланылды, оның ішінде HR-технологиялар, судьялар қауымдастығы мен азаматтық қоғамның пікірін зерделеу.

Барлығы 261 кандидат қаралды, одан кадр резервіне 91 (35%) адам қабылданды, оның ішінде 11 – судья лауазымдарының екі санатына резервке қойылды. Кадр резервіне қабылданған судьялардың тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады. 

Резервке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу кезінде Кадр резерві жөніндегі комиссия мынадай критерийлерді басшылыққа алды:
меритократия принципінің сақталуы;
сот төрелігін іске асырудың жоғары сапасы;
судьялық өтіл мен жұмыс тәжірибесі;
кандидаттың мінсіз беделі және оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің болмауы.

Резервте тұру мерзімі жоғары тұрған судьялық лауазымдарға – үш жыл, басшы судьялық лауазымдарға – бес жыл.

Осы сілтеме бойынша қолданыстағы кадр резервінің толық тізімімен танысуға болады, онда 164 судья бар, оның ішінде 16 – судья лауазымдарының екі санатына резервте тұр.

Сонымен, қолданыстағы кадр резервінде:
аудандық сот төрағасының лауазымына – 54;
облыстық сот судьясының лауазымына – 83;
облыстық соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 16;
облыстық сот төрағасының лауазымына – 8;
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – 18;
Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 1 судья тұр.