Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметі туралы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Нұрия СИСЕНОВА мен Гафур ШАРОВ Кеңестің қызметі туралы айтты.

              «Жоғары Сот Кеңесі қызметінің басты мақсаты Мемлекет басшысының соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың қызметіне қол сұғылмаушылық кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ететін Конституциялық орган болып табылады.

              Кеңестің мемлекеттік институт ретінде қалыптасуы мен дамуы бірнеше қадамдық кезеңдерден тұрады.

              Бірінші кезең (1995 – 2007 жылдар) – Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие болды.

              Екінші кезең (2007 – 2014 жылдар) – Кеңес Мемлекет басшысы тағайындайтын төрағадан және өзге тұлғалардан тұратын заңды тұлға құрмай-ақ мекеме мәртебесіне ие болды.

              Үшінші кезең (2015 – 2017 жылдар) – Кеңес заңды тұлға мәртебесі бар автономды мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды.

              Төртінші кезең (2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін) - Кеңеспен институционалдық нығайту және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс дәйекті түрде жалғасуда.

Кеңес құрамының кемінде жартысы жұмыс істеп жүрген судьялардан құрылады.

Кеңес жұмысында қажетті сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бір жарым жыл сайын сайланған Кеңес мүшелерінің жартысын ауыстырудың ротациялық тәртібі енгізілді.

Қазіргі уақытта Кеңес Төрағадан және Президент тағайындайтын басқа да мүшелерден құралады.

Лауазымы бойынша Кеңестің құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті комитеттерінің төрағалары, сондай-ақ судья, адвокат және ғалым болып табылатын тұрақты мүшелер кіреді.

Кеңестің негізгі функциялары:

  • біліктілік емтиханын өткізу;
  • судьяларды конкурстық және конкурстан тыс іріктеу;
  • басшы және жоғары тұрған судьялық лауазымдарға кадр резервін қалыптастыру;
  • судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарау.
  • судьялыққа кандидаттарды даярлау, жұмыс жасап жүрген судьялардың біліктілігін арттыру және судьяларды қызметінен босату.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Жоғары Сот Кеңесінің кадрлық функциялары айқын толыққанды институт ретіндегі рөлі мен мәртебесін күшейту қажеттігі туралы атап өтті. Аталған тапсырманы іске асыру үшін 2023 жылғы наурызда заңнамалық өзгерістер енгізілді.

Жоғарғы Сот Кеңесі үшін соңғы жылдар жаңғыру және реформалау кезеңі болып табылады. Қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесінің құзыреті мен өкілеттіктерін кеңейту нәтижесінде ол өз рөлін одан әрі жетілдіру және күшейту кезеңінен өтуде.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2023 жылғы наурызда Кеңеспен соңғы жылдары осы бағытта іске асырылатын іс-шаралардың қисынды жалғасы болып табылатын заңнамалық түзетулер қабылданды.

Түзетулерге сәйкес Жоғары Сот Кеңесіне судьялыққа кандидаттарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру, шекті жасты ұзарту, жұмыс істеп жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелері берілді.

Атап айтқанда бұған дейін судьяларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі өкілеттіктерді Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы жүзеге асырған. Қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес Сот төрелігі Академиясы 2024 жылдың 15 шілдесінен бастап Кеңес қарамағына өтті.

Қолданыстағы заңнамамен зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін судья лауазымында одан әрі жұмыс жасау мәселелері Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бұған дейін Жоғарғы Сот Кеңесі бұл мәселелерді Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша қарастырған болатын.

Енді судьялар зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін қызмет мерзімін ұзарту туралы өтінішпен Жоғарғы Соттың басшылығына жүгінбей-ақ, тікелей Кеңеске жүгінуге құқылы. Судьялардың шекті жасын ұзарту кезінде де осындай тетік көзделген.

Бұл шаралар судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының құзыретіне жұмыс жасап жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселелері де берілді. Бұған дейін аталған мәселелерді Жоғарғы Сот Төрағасы шешкен болатын.

Сондай-ақ, қабылданған түзетулерге сәйкес Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Сот Кеңесіне жұмыс жасап жүрген судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу құқығы алынып тасталды. Егер бұрын судьялар Жоғарғы Сот Төрағасының атына өтініш білдірсе, енді олар өз бетінше Кеңеске жүгінеді.

Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне судьяның отставкасын тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер берілді.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасының судьяларды конкурстан тыс тағайындау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу өкілеттігі алынып тасталды.

Бұған дейін конкурстан тыс тағайындау бойынша функциялар Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша іске асырылған болатын.

Мұндай тағайындауға сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайған, сондай-ақ сот төрағаларының өкілеттік мерзімі өткен жағдайларда жол беріледі. Енді конкурстан тыс тағайындау мәселелерін тікелей Кеңес қарайды.

Жоғарыда аталған рәсімдер судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейтуге және Кеңестің тәуелсіз алқалы орган ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

Судьяларды конкурстық іріктеу рәсімі біртіндеп жаңғырды және қазіргі уақытта іріктеу негізгі критерийлерінің екі тобынан тұрады: цифрлық және бағалау.

Жоғарғы Сот Кеңесі кәсіпқойлықтың жоғары стандарттарына сәйкес келетін судьяларды сапалы және ашық іріктеуді қамтамасыз етуге тырысады.

Конкурстық іріктеудің айқындығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында конкурс кезеңдерінің нәтижелері жарияланады.

Жоғары Сот Кеңесінің алдына жыл сайын ауқымды міндеттер қойылады. 2022 жылы Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында Жоғары Сот Кеңесінің кадрлық функциялары бар толыққанды институт ретіндегі рөлі мен мәртебесін күшейтуді тапсырған.

2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында судьялық кадрларды рекрутингтік жалдаудан HR-менеджмент жүйесінің барлық компоненттерін неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ету жағына өту арқылы судья кадрларын іріктеуді жетілдіру жөніндегі негізгі міндеттер айқындалған.

Аталған міндеттерді іске асыру үшін 2024 жылғы 15 шілдеден бастап Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Соттың қарауынан Жоғары Сот Кеңесінің қарауына берілген. Қазіргі уақытта сот жүйесіне жаңа кадрларды тарту бойынша келесі бағыттарда жұмыстар жүргізіледі:

Судьялық лауазымдарға құқықтың жекелеген салаларында жоғары білікті заңгерлер мен тар шеңберлі мамандарды тарту үшін жағдайлар жасалуда.

Оң өзгерістердің бірі Кеңес ұсынысын алғаннан кейін кандидаттардың тағылымдамадан өту құқығын бекіту мүмкіндігі.

Мәселен бұған дейін соттарда біліктілік емтиханын сәтті тапсырған кандидаттар тағылымдамадан өтіп, ал тағылымдамадан кейін кандидаттар судьялық лауазымдарға конкурстық іріктеуге қатысуға жіберілетін.

Бұл ретте тағылымдама негізгі жұмыс орнынан қол үзіп жүзеге асырылғаннан оны өтуден бас тартуға себептің бірі болған, өйткені кандидат судья болып тағайындау туралы ұсыныс алуға ешқандай кепілдікке ие болмай, жұмыссыз қалу қаупі туындайтын.

Енді үміткерлерге Кеңестің тиісті ұсынысын алғаннан кейін тағылымдамадан өту құқығы берілді.

Бұл кандидаттарға қолайлы жағдай жасау және олардың конкурстық іріктеу кезеңдерінен неғұрлым жедел өтуі үшін, сондай-ақ сот жүйесіне жаңа жоғары білікті кадрларды тарту үшін жасалды.

Осылайша 2021 жылы Кеңес алғаш рет судьялық лауазымдарға 103 кандидатты, 2022 жылы – 121 кандидатты, 2023 жылы – 146 кандидатты ұсынды, 2024 жылы түзету қабылданғаннан кейін ұсынылған кандидаттар саны 156 адамды құрады.

Сондай-ақ келесі жылы бос судья лауазымдарына 6 дейін конкурс өткізу жоспарлануда. Бұл бүгінгі күнге бар бос орындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу бұған дейін айына бір рет өткізіліп, онда 15 жуық үміткер қарастырылатын.

2025 жылы Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу 4 рет өткізілетін болады.

Осыған байланысты мерзімдер қысқара отырып, судьялық лауазымдарға әлеуетті үміткерлер саны көбейеді.

ҚР заңнамасына сәйкес судья сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзған жағдайда және судьялық әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауды іске асыру шеңберінде биыл 1 қазаннан бастап сот актісін шығару кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол берген судьялардың күші жойылған әрбір сот актісін Кеңес жанындағы Сот жюринің тексеруге қатысты жаңа тетігі енгізілді.

Жаңа тетік төменгі деңгейдегі соттардың судьялары тарапынан заңды өрескел бұзу туралы көрсетілген апелляция мен кассацияның барлық қаулылары Сот жюриінің қарау нысанына айналатынын көздейді.

Судьялар қауымдастығының пікірін есепке алу үшін Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың жалпы отырысының судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы ұсынысын алдын ала алу көзделеді.

Судьяны жазалау туралы түпкілікті шешімді Сот жюриі істі жан жақты және объективті қарау қорытындылары бойынша және судьяның іс әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамы болған кезде ғана қабылдайды.

Кеңеспен осы тетікті іске асыру үшін «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына бірқатар түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда тәртіптік жауапкершілік негіздерінің қатарына жоғары тұрған соттың заңдылықты өрескел бұзу туралы көрсетілген ұсынысы енгізілді. Сот жюриінің құрамы 9 мүшеден 15 мүшеге дейін кеңейтіліп, оның құрамынан ЖСК мүшесі шығарылды.

Жоғарғы Сот Төрағасының басқа да теріс қылықтар бойынша осындай өкілеттікті сақтай отырып заңдылықты өрескел бұзушылықтар бойынша Сот жюриіне ұсыныстдар енгізу құқығы алынып тасталды.

Жоғарғы және облыстық соттардың жалпы отырыстарының ұсыныстар шығару және тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау жөніндегі құзыреті шектелді.

Осылайша биыл Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын реформалар адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін, сондай-ақ судьяларды даярлау, іріктеу, тағайындау, біліктілігін арттыру және тәуелсіздігін қамтамасыз ету институттарын күшейту үшін негіз болды.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі