Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының Судьялар Кеңесі Желісінің жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан өкілдері қатысты.
ЖСК Төрағасы Дмитрий Малаховтың халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша тапсырмасы шеңберінде шараға Кеңестің Бөлім меңгерушісінің орынбасары Салимжанова Салима қатысты. Отырыс барысында Судьялар Кеңесі Желісі Жарғысының жобасы талқыланды. Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің өкілі Жарғыны пысықтау жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізіп, оларды жұмыс тобының мүшелері қабылдады.
Аталған Жарғыға қол қою 2025 жылғы маусымда Әзірбайжан Республикасында жоспарланып отыр.