Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдау өткізді

Азаматтардың қабылдауында судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, жергілікті соттардың сот актілерімен келіспеушілік, судьялардың іс-әрекеттері, сондай-ақ сот істерін қарау барысын бақылау мәселелері көтерілді.

Кездесу барысында Дмитрий Малахов заңды күшіне енген сот актілеріне шағымдану, судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасау тәртібіне қатысты егжей-тегжейлі түсініктемелер берді, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің соттар мен судьялардың қызметіне араласпау қағидатын атап өтті.

Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, азаматтарды тұрақты түрде қабылдау, Жоғары Сот Кеңесі жұмысының маңызды бөлігіне айналды. Дмитрий Малахов азаматтарды жеке қабылдауды алдын ала жазылу бойынша күнделікті жүзеге асырады.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі