ҚР ЖСК мүшесі «Shalqar radiosy» радиостанциясындағы «Нысана» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

ҚР ЖСК мүшесі «Shalqar radiosy» радиостанциясындағы «Нысана» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және ҚР Жоғары Сот Кеңесінің ашықтығы мен жариялылығы деңгейін арттыру мақсатында Кеңес мүшесі Ғафур Шаров «Shalqar radiosy» радиостанциясындағы «Нысана» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама барысында ҚР Жоғары Сот Кеңесі қызметінің басты мақсаттары мен өкілеттіктері, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және олардың кадрлық резервін қалыптастыру үшін жоғары білікті мамандарды тарту мәселелері қозғалды.

Кеңес мүшесі судьяларды конкурстық іріктеу шарттары жайлы және ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының жұмысы жайлы ақпарат берді.