Форум Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орайластырылған және ол Академиямен жыл сайын өткізіледі.
Іс шараны Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов ашты.
Төраға өз сөзінде Сот төрелігі академиясын Жоғарғы Сот қарамағынан Жоғары Сот Кеңесіне берудің сот білімін дамытудағы уақтылы қабылданған маңызды стратегиялық қадам екені жайлы айтты.
Дмитрий Малахов сот білімі мәселелері, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудің маңызды проблемалық аспектілері бойынша тәжірибе алмасу Кеңес үшін өзекті тақырыптардың бірі болатынын атап өтті.
«Форум – ашық диалогқа, идеялармен және үздік тәжірибелермен алмасуға арналған алаң. Біз адам құқықтарын қамтамасыз ету саласында күш біріктіріп, жаңа стратегия қалыптастыруға өз үлесімізді қоса аламыз», – деді Дмитрий Малахов.
Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, судьялар, ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлер, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.
Форум жұмысы келесі секциялар шеңберінде жүргізілді:
Форум онлайн-форматта өтті. Шараға Қазақстанның және шет елдердің жетекші заңгер-ғалымдарымен қосқанда 1500-ден астам адам қатысты.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі